AG TECH компаниясы "Алтын Сапа" сыйлығының лауреаты

AG TECH компаниясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының "Үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша лауреаты атанды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марапатты AG TECH компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Александр Подваловқа 5 желтоқсанда елордада өткен салтанатты марапаттау рәсімінде жеке өзі табыстады.
Бұл марапатқа біз бірегей командамыздың, сенімді серіктестеріміз бен бізге сеніп, идеяларымызды қолдайтын тапсырыс берушілеріміздің арқасында қол жеткіздік. Бірлесе отырып, біз үлкен жолдан өттік, ал бүгін еңбегіміз бен табандылығымыз лайықты бағасын алды.
Марапаттау рәсімінен кейін Александр Подваловтың пікірі:
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекенге" қолдау көрсеткені, сенім білдіргені және AG TECH секілді компаниялардың өсіп, нығаюына мүмкіндік беретін кәсіпкерлік ортаны дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын Сапа" сыйлығы ұйымдардың өнім және/немесе қызмет сапасы саласындағы елеулі жетістіктері, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі үшін жыл сайын конкурс негізінде табысталады.
Сыйлық Қазақстанның жаңа экономикасын қалыптастыру, отандық өндірісті дамыту және тауарлар мен қызметтердің сапасын үздіксіз арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлер арасындағы конкурс туралы» Жарлығымен бекітілген.
Сыйлықтың ресми сайты - https://altynsapa.kz.
Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: