DМMS жүйесі беделді «Алтын Гефест» сыйлығына таласады
AG TECH компаниясы алғаш рет Астанада 1-2 маусымда «Hilton Astana» қонақүйінде өтетін «Astana Mining & Metallurgy» 13-ші конгресі аясында көрмесі мен айтулы «Алтын Гефест» салалық байқауына қатысады.
Біздің флагмандық өніміміз DMMS (Digital Monitoring & Management System) Өнеркәсіптік кәсіпорындарды мониторингілеу мен басқарудың цифрлық жүйесі ERG сыйлығының бас серіктесі – «Тау-кен металлургия кешеніндегі үздік digital-шешім» арнайы номинациясында бас жүлде үшін таласады.
«Astana Mining & Metallurgy» конгресі – тау-кен металлургия индустриясындағы ең ауқымды салалық іс-шаралардың бірі. АММ көптеген сұхбат алаңдарын ашумен қатар B2B және G2B ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен кездесулерді, көрмені, нетворкингті және «Алтын Гефест» салалық байқауын қамтиды.
«Алтын Гефест» байқауы – тау-кен металлургия кешенінің мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді марапат. Қатысуға геология, тау-кен ісі және металлургия саласындағы мамандар, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тау-кен-металлургия саласы туралы жазатын журналистер шақырылады. Номинация жеңімпаздарын дауыс беру негізінде қазылар алқасы таңдайды. Қазылар алқасы индустрияның беделді мамандары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінен тұрады.
Толығырақ жаңалықтар мен байқау туралы ақпараттар https://amm.kz сайтында жарияланған.
Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: