AG Tech командасы Шетелдік инвесторлар кеңесі аясындағы IT-көрмеде Қасым-Жомарт Тоқаевқа DMMS жүйесін таныстырды

8 маусымда елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысы аясында «Экономиканың цифрлық трансформациясы" тақырыбында IT-көрме өткізілді.

Мұнда AG TECH басты экспоненттің  біріне айналды және өзінің флагмандық өнімі - DMMS (Digital Monitoring & Management System) өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік процестерін басқару жүйесін ұсынды.

Көрменің басты оқиғасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапары болды. AG Tech негізін қалаушы және бас директор Александр Подвалов Президентке компанияның елдің ірі тау-кен кәсіпорындарын цифрландыру саласындағы жетістіктері туралы айтып берді, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған қазақстандық өндірістің инновациялық бағдарламалық және аппараттық шешімдерін көрсетті, сондай-ақ отандық IT-өнімдерді халықаралық нарыққа одан әрі дамыту және экспорттау жоспарларымен бөлісті.

Біз–бірегей командамыздың адалдығы мен кәсібилігіне, серіктестеріміздің жемісті ынтымақтастығына, клиенттеріміздің шексіз сеніміне, көрмені аса жоғары деңгейде ұйымдастырғандар әріптестерге алғыс білдіреміз. Бұл біздің ортақ жетістігіміз деп санаймыз!

 

Бұл туралы толық ақпарат https://fic.kz сайтында  жарияланған.



Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: