Қоянды су қоймасында AG TECH компаниясының дәстүрлі эко күні өтті
AG TECH компаниясы әріптестерімен бірлесіп Астана қаласының маңындағы Қоянды су қоймасында дәстүрлі жыл сайынғы экологиялық шара өткізді.
AG TECH, Caspian Travel Company және басқа да компаниялар қызметкерлерінің басын қосқан шараға жүзден астам адам қатысты.
"Бірлік бар жерде тірлік бар",- деп қатысушылар үш шақырымға жуық су қоймасының жағалау бөлігін тазарты. Астананың Эко полигонына жалпы салмағы 2,5 тоннаны құрайтын 600-ден астам қап қоқыс жиналып, шығарылды.
Біздің бастамамызға жауап берген және қатысқан барлық адамдарға алғыс білдіреміз. Барлығын экологияға саналы түрде қарауға және табиғатты қорғауға шақырамыз!
Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: