29 қазан - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты 29 қазанды Қазақстанда ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
⠀
AG TECH ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз және іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатқан кеншілерді құтқаруға үміттенеміз.
Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: