10 қараша - Қазақстан Республикасындағы цифрландыру күні

10 қараша - Қазақстан Республикасындағы цифрландыру күні

AG TECH командасы цифрландыру және ақпараттық технологиялардың барлық қызметкерлерін Қазақстанда 2022 жылдан бастап 10 қарашада атап өтілетін кәсіби мерекемен құттықтайды.

Жаңа кәсіби мерекені құру сала қызметкерлерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

Цифрлық трансформация қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында ең сұранысқа ие болып табылады.



Компанияның өзекті жаңалықтары мен алдағы оқиғалардан хабардар болу үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз: